359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада спортшылар мүгедек балаларға сый жасады

  • 83

Конституция күні қарсаңында спортшылар мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара Астана іргесіндегі ауылдық емхана қызметкерлерінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Себебі 8 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда 100-ге жуық мүгедек бүлдіршін бар. Сондықтан ақхалаттылар әр мейрам сайын бөбектерге ерекше сый жасайды. Бұл жолы Триатлон федерациясы, Астана футбол клубы мен ұлттық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының споршылары арнайы келді. Олар шара барысында шеберлік сағатын өткізді.

Әзім Әбдірекенов, қалалық Жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті:

- Жігіттер ұлттық жекпе-жек спортының шеберлігін көрсетуге келді. Біз осындай мерейтойға қашан да атсалысып отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы