359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азия ойындары 2018: Ту ұстап шыққан қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті

  • 241
Азия ойындары 2018: Ту ұстап шыққан қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті vesti.kz

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 еліге дейін) 2018 жылғы Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 21 жастағы Әбілхан қытайлық Тайпейден келген құрдасы Чиавей Канмен жұдырықтасты. Жекпе-жек анық жеңіспен (есеп 5:0) аяқталды.

Осылайша, боксшымыз бұл жарыста жүлдесіз қалмайды. Ол келесі жекпе-жекте жеңілген жағдайда да қола иеленеді.

Еске салайық, 2018 жылғы Азия ойындарының ашылуында Әбілхан Аманқұл Қазақстан құрамасының туын ұстап шыққан. Боксшымыз Гамбургте өткен 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, Қазақстанның төрт боксшысы Азиаданы жүлдесіз аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы