359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Вуэльта» көпкүндігі: Никита Стальнов мәреге екінші болып жетті

  • 78
«Вуэльта» көпкүндігі: Никита Стальнов мәреге екінші болып жетті

Қазақстандық велоспортшы Никита Стальнов «Вуэльта» көпкүндігінің төртінші кезеңінде екінші болып мәреге жетті.

«Астана» велокомандасының өкілі 161 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 33 минут 15 секундта жүріп өтті. Төртінші кезең Гранд-турдағы алғашқы таулы аймақта өтті. Қалың топтан суырылып шыққан мықтылардың сайысы мәреге дейін жалғасты. Америкалық Бенжамин Кинг пен Никита Стальнов өзара бас жүлдені сарапқа салды. Мәреге таяған тұста «Астана» жігіті қарсыласынан небәрі екі секунд ұтылып, екінші орынға ие болды. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. «Скай» командасының өкілі Михал Квятковски топ басында келеді. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес көшбасшыдан 46 секундқа ұтылып, 14-орынға жайғасты.

Бенжамин Кинг, Dimension Data велокомандасының өкілі:

– Мен жеңіске жеткеніме сене алар емеспін. Бұл баяғыдан келе жатқан арманым. Командама рақмет. Бұл жолы жігіттер маған мүмкіндік беріп, алға озуыма жол ашты. Негізгі мақсатымыз команда капитанын жеңіске жетелеу екенін білеміз.

Хабар 24 телеарнасы