352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

US Open-2018: Кукушкин келесі айналымға шықты

  • 83
US Open-2018: Кукушкин келесі айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ ашық біріншілігінің екінші айналымына шықты.

Корт иесі Ноа Рубинмен кездескен жерлесіміз 6:3, 6:1, 4:6, 7:6 есебімен басым түсті. Кукушкин екінші айналымда оңтүстіккореялық Хен Чонмен ойнайды. Әйелдер арасындағы сында Юлия Путинцева жарысты ерте аяқтады. Қазақстандық теннисші америкалық Бернарде Пераға есе жіберді. Есеп: 6:7, 4:6. Новак Джокович те жарысты жалғастырады. Алайда сербиялық теннисші алғашқы айналымда біраз терледі. Венгр жігіті Мартон Фучович атақты қарсыласының жүйкесін жұқартып, бір партияны өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп: 6:3, 3:6, 6:4, 6:0. Үлкен шлем жарыстарының 20 дүркін жеңімпазы Роджер Федерер алғашқы кезеңде жапон Йошихито Нишиокуды жеңді.

Роджер Федерер теннисші:

– Мен Нью-Йорк қаласына оралғаныма қуаныштымын. Қазіргі дайындығым да ойдағыдай. Алайда жасым да келіп қалды, жақсы атақпен зейнетке кету керек шығар. Бірақ оны ойлап жүрген жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы