359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда арбадағы биден республикалық турнир басталды

  • 155
Ақтауда арбадағы биден республикалық турнир басталды

Ақтауда еліміздің 7 облысынан келген мүмкіндігі шектеулі жандар екі күн бойы өзара мықтыны анықтайды.

«Маңғыстау Аренадағы» сайыста 20 спортшы түрлі би бағыты бойынша өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысушылардың ең жасы 14-те, ал үлкені 35 жаста. Аталған турнирде көзге түскендер Қазақстан құрамасының сапына қосылады. Сайыс жеңімпаздары биыл өтетін әлем және Азия чемпионаттарына да жолдама алады. 

Құрбанәлі Әбуов, жарысқа қатысушы:

– Биге келгеніме биыл жетінші жыл. 7 жылдан бері Қазақстанның чемпионы атандым. 2017 жылы Америка елінде Қазақстанның туын көтеріп, әнұранын шырқаттық. Биге келгендегі арманым сол болатын. Басқа елге барып, өз туымызды көтеріп, әнұранымызды шырқату. Бұл арманым орындалды. Ендігі арманымыз – Олимпиада чемпионы болу!

Хабар 24 телеарнасы