361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында мерекеге орай жеңіл атлетикадан жарыс басталды

  • 89

Ата Заң аясында бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүру – шат көңілдің көрінісі. Павлодар облысының тұрғындары мереке күні шеберлікті шыңдауға да уақыт тауыпты.

Дәл қазір,  Ертіс шаңғы базасында жеңіл атлетикадан жарыс басталды. Ал орталықта жағажай футболы мен волейболдан турнир өтіп жатыр. 

- Ертіс өңірінде бұқаралық спортты дамытуға қаншалықты көңіл бөлініп жатыр? Дене шынықтырумен белсенді айналысатын халықтың саны қанша пайызға жетті?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Бүгінде Павлодарды «спортшылар қаласы» деп мақтанышпен айтуға толық негіз бар. Өйткені бұқаралық спорт  қарқынды даму үстінде.  Көптеген үй аулаларында тренажерлер, спорттық алаңдар жасақталған.  Мереке қарсаңында 4 бірдей жасанды футбол алаңының тұсауы кесілді. Қыркүйек айында олардың саны тағы 11 алаңмен толығады деп күтілуде. Ал облыс бойынша спортпен айналысатын тұрғындар саны 280 мыңға жуықтапты. Бұл халықтың 30,2 пайызы. Соңғы жылдары дуатлон, триатлоннан жарыстар көптеп ұйымдастырылатын болған. Бүгін қала тұрғындары жеңіл атлетикадан жарысқа қатысады. Ал орталықта жағажай футболы мен волейболдан турнир басталды. Сонымен қатар стритбол мен паркурдан да жарыс жүріп жатыр.

- Қарлығаш, қала тұрғындарынан бөлек қандай кәсіби командалар  қатысып жатыр? Қандай жетістіктерін атап өтер едің?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Бүгінгі турнирге әуесқой спортшылар мен қатар кәсіби командалар да қатысып  жатыр. Мәселен,  «Арман»  Қазақстанның жағажай футбол клубының негізі осы Павлодарда қаланған екен. Бұл команда соңғы 9 жыл қатарынан  жағажай футболынан ел чемпионы атанып келеді, 6 рет  Қазақстан Кубогін иеленген. Ал 2010 және 2015 жылдары Қазақстанның Суперкубогін жеңіп алған. Жалпы Павлодар Ертіс өзенінің бойында тұр. Демек, спорттың бұл түрлерін дамытуға мүмкіндік жеткілікті. Тағы бір жаңалық: осы жылдың басынан барлық қалалар мен аудандарда дербес дене шынықтыру және спорт бөлімдері ашылды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Солтүстік өңірде әсіресе қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Облыс орталығында заманауи  шаңғы базалары жұмыс істейді. Соңғы жылдары көптеген спорттық нысандардың құрылысы басталды. Усолка шағын ауданында 50 метрлік жүзу бассейні салынып жатыр. 7 толық өлшемді футбол алаңының құрылысы басталды. 13 жаңа спорт алаңы мен көп салалы 2 хоккей корты және жекеменшік-әріптестік аясында үлкен мұз айдыны салынады. Ал Баянауыл ауданында Мырзашоқы тау шаңғысы кешенінің құрылысы аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы