359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық батутшы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

  • 114
Қазақстандық батутшы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды prosports.kz

Қазақстан Азия ойындарындағы 55-медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

Пірмаммад Әлиев батутта секіруден қола жүлдегер атанды. Әлиев іріктеу кезеңін 103.470 ұпаймен алтыншы орында аяқтаған. 

«Бұл – мен қатысып отырған екінші Азия ойындары. Инчхонда бесінші орыннан көрінгенмін. Осы аралықта дайындықты үдетіп, медаль алуды басты мақсат еттік. Еңбегіміздің зая кетпегені қуантады. Бүгін үздіктер қатарына ендім», – дейді Пірмаммад Әлиев. 

Финалдық кезеңде спортшыға тек бір мүмкіндік беріледі. Төрешілер Әлиевтің өнерін  57.460 ұпайға бағалады. Бұл үздік үштік қатарына ену үшін жеткілікті.  

Бірінші және екінші орындарды қытайлықтар Дун Дун (59.925) мен Лэй Гао (59.220) иеленді.

Хабар 24 телеарнасы