359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» – АПОЭЛ: жолдама тағдыры шешіледі

  • 119

Санаулы сағаттардан кейін «Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта ойын басталады.

«Астана-Аренада» Еуропа лигасының топтық кезеңіне берілер жолдама тағдыры шешіледі. Кипрдегі алғашқы кездесуде АПОЭЛ футболшылары 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Бүгін елорда командасы қарымта қайтаруға ұмтылады. Матч алдындағы баспасөз мәслихатында бас бапкердің міндетін атқарушы Григорий Бабаян «Астананың» келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Ал команданың қорғаушысы Абзал Бейсебеков жанкүйерлер қолдауының маңыздылығын атап өтіп, «Стойловтың кезіндегі ойын мәнеріне ауысамыз», – деді.   

Абзал Бейсебеков, «Астана» ФК қорғаушысы:

- Ойынға толықтай дайынбыз. Бұйыртса, жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлердің қолдауымен ойынды ұтып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеміз деп ойлаймын. Біз үйде жақсы ойнаймыз. Жанкүйердің қолдауымен қалай да болса ұтуға тырысамыз.

Григорий Бабаян, «Астана» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Бізді қиын кездесу күтіп тұр. Қарсыластар бір доп айырмашылығымен алға шықты. Алайда топтық кезеңге шығу мүмкіндігі бізде де бар. Өз тәжірибемізге сүйенеміз. Сәттілік біздің жақта болып, жолымыздың болғанын қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы