356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

US Open: Михаил Кукушкин кореялық Хен Чонмен кездеседі

  • 84
US Open: Михаил Кукушкин кореялық Хен Чонмен кездеседі

Теннистен Америка ашық біріншілігінің кезекті ойындары өтті.

Мықтылар қатарындағы Энди Маррей екінші кезеңнен аса алмай, «Үлкен дулыға» жарысымен ерте қоштасты. Бүгін қазақстандық Михаил Кукушкин екінші айналымдағы кездесуін кореялық Хен Чонмен өткізеді. Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль үшінші кезеңге жолдама алды. Канадалық Вашек Поспишилмен кортқа шыққан испан теннисшісі 6:3,6:4,6:2 есебімен жеңіске жетті. Надаль енді ресейлік Карен Хачановпен ойнайды.

Рафаэль Надаль, әлемнің бірінші ракеткасы:

- Ең маңыздысы, ойынды жеңіспен бастадым. Екінші сетте қатарынан екі мәрте қателік жіберіп, жүйкеге аздап салмақ түсті. Ашуға берілмей, өз ойын өрнегімді көрсетуге ұмтылдым. Соның арқасында кездесуді өз пайдама шештім.

Хабар 24 телеарнасы