359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасы: «Астана» есе қайтара ала ма?

  • 95

Сәлден кейін футболдан «Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта матч басталады.

Екі команда Еуропа лигасының негізгі кезеңіне берілер жолдаманы сарапқа салады. Кипрдегі алғашқы ойында алаң иелері 1:0 есебімен басым түскен еді. Бүгін біздің футболшылар есе қайтаруға тырысады.

Енді жарты сағаттан кейін «Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта ойын басталады. Дәл қазір біз тұрған «Астана-Аренада» Еуропа лигасының топтық кезеңіне берілер жолдама тағдыры шешіледі. Бүгін елорда командасы қарымта қайтаруға ұмтылады. Кеше матч алдындағы баспасөз мәслихатында бас бапкердің міндетін атқарушы Григорий Бабаян «Астананың» келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғары екенін айтты. «Бізді қиын кездесу күтіп тұр. Қарсылас команда алғашқы ойында 1:0 есебімен алға шықты. Бірақ біздің негізгі кезеңге шығу мүмкіндігіміз зор» деген болатын. Ал команданың қорғаушысы Абзал Бейсебеков жанкүйерлер қолдауының маңыздылығын атап өтіп, «Стойловтың кезіндегі ойын мәнеріне ауысамыз», – деді. Сондай-ақ астаналық футболшы команданың ойынға толық дайын екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейін, осыдан бір апта бұрын Кипрде өткен алғашқы кездесуде елордалық клуб алаң иелеріне 1:0 есебімен есе жіберген еді. Бүгін Бабаян баптайтын астаналықтар таблодағы көрсеткішті теңестіріп қана қоймай, ойынды өз пайдаларына шешуге тырысып көрмек. Оған жерлестеріміздің мүмкіндігі жетеді. Астана құрамында жарақат алғандар жоқ. Тізімдегі ойыншылдардың барлығы кездесуге араласуға әзір. Сондықтан біздің жігіттер биылғы маусымда да топтық кезеңде ойнайды деп үміттенеміз.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы