356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» ФК «Челси» немесе «Арсеналға» қарсылас атануы мүмкін

  • 119
«Астана» ФК «Челси» немесе «Арсеналға» қарсылас атануы мүмкін

Бүгін «Астана» футбол клубының Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталады.

Швейцарияның Ньон қаласында Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де клубтық турнирдің жеребе тарту рәсімі басталады. Іріктеу ойындарынан сүрінбей өткен және бірден топтық кезеңге жолдама алған 48 команда 4 топқа бөлінген. «Астана» португалиялық «Спортинг», италиялық «Милан», франциялық «Марсель» сияқты клубтармен бірге екінші себеттен орын алды. Яғни аталған ұжымдармен бір топқа түспейді. Есесіне жерлестеріміз Англияның алпауыт командалары – «Челси» не болмаса «Арсеналға қарсылас атануы ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Еуропа лигасының соңғы іріктеу кезеңі – плей-оффта «Астана» Кипрдің «Апоэл» клубын матч соңындағы пенальтиден жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы