359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

  • 158
Қазақстандықтар Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады prosports.kz

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан өнер көрсетуін аяқтады.

Ел қоржынына соңғы медальды регбиші қыздар алып берді.

Ертең, 2 қыркүйек, триатлоннан финалдық жарыс өтеді, алайда қазақстандықтар бұл сайыс түрі бойынша өнер көрсетпейді. Осылайша, отандық спортшылар үшін турнир аяқталды.

Жарыстың соңғы күні спортшыларымыз ел қоржынына 12 медаль әкелді: олардың үшеуі – алтын. (Каноэші Инна Клинова, самбошы Ділдаш Күрішбаева және ерлер су полосы командасы)

Жалпы алғанда, Қазақстан Индонезиядағы Азия ойындарында 76 медаль жеңіп алды – 15 алтын, 17 күміс және 44 қола. Жалпы есеп бойынша еліміз 9-орынға табан тіреді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы