359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әйгілі желаяқ футболдағы алғашқы матчын өткізді

  • 103

Ямайкалық желаяқ Усейн Болт 31 тамыз күні футболдағы алғашқы кәсіби матчын өткізді.

Жеңіл атлет тамыз айының басында Австралияның «Сентрал Кост Маринерс» клубымен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұған дейін Болт жаңа командасының сапында жаттығу жасап келген.

Усейн Болт 31 тамызда «Сентрал Кост Маринерс» құрамында жолдастық кездесуде алғашқы рет алаңға шықты. Жеңіл атлет-футболшының алаңдағы орны орталық шабуылшы, ол 95-нөмірмен өнер көрсететін болады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы