359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды

  • 186
Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды

Зілтемірші Илья Ильин Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Атақты атлет алғаш рет 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Бұл сайыста ол Әлішер Оразбеков пен Эльдар Сембаевтан озып кетті.

Жұлқып көтеруде Ильяның үздік нәтижесі 172 келі болған. Ал серпе көтеруде 208 келі зілтемірді көкке көтере алды.

Еске сала кетсек, Илья Ильин 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Оның жазасы биыл маусымда аяқталды.

Енді Илья 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыспақ.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы