352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джакартада Азия ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр

  • 180
Джакартада Азия ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр

Бүгін Джакартадағы Азия ойындары ресми түрде аяқталды.

Қазіргі сәтте Индонезия астанасында Азия ойындарының жабылу салтанаты өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz

Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есебі 76 медаль жеңіп алды. Азиада төрінде еліміздің әнұраны 15 рет шырқалып, 17 спортшымыз күміс, 44 спортшымыз қола жүлдегер атанды. 

Командалық есепте Қазақстан 9-орынға табан тіреді. 

Азиада қорытындысы бойынша Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері көш бастады. 

Қазақстандық спортшылар велоспорт, байдарка мен каноэде ескек есу, көркем гимнастика, самбо мен джиу-джитсудан қос-қостан алтын жеңіп алды. 

Сондай-ақ карате, жеңіл атлетика, дзюдо, су добы және семсерлесуден бір алтыннан бар. 

Хабар 24 телеарнасы