359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Апта соңында «Қайрат» Аршавинің бұрынғы командасымен ойын өткізеді

  • 79
Апта соңында «Қайрат» Аршавинің бұрынғы командасымен ойын өткізеді © eurosport.ru

«Зенит» Ресей премьер-лигасында бірінші тұр.

Алматылық «Қайрат» құрамалар ойындарының үзілісі кезінде петерборлық «Зенитпен» жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымы мәліметінше, командалар 9 қыркүйекте кездеседі. Матч Санкт-Петербургте өтеді деген болжам бар.

Ресей премьер-лигасында 16 ұпай жинаған «Зенит» бірінші орында келеді. 54 ұпай жинаған «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасында екінші (Астанадан» үш ұпай қалып отыр).

Айта кеткен жөн, «Қайрат» сапында «Зениттің» бұрынғы ойыншысы – ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавин ойнайды. Биылғы Қазақстан премьер-лигасында ол тоғыз гол салды.

Хабар 24 телеарнасы