352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эвандер Холифилд «Канело» – Головкин қарымтасында кім жеңетінін айтты

  • 126
Эвандер Холифилд «Канело» – Головкин қарымтасында кім жеңетінін айтты © Sport.ua

Ол басымдығы бар боксшыны атады.

Екі салмақ дәрежесінде абсолют чемпион болған Эвандер Холифилд WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалықтың пікірінше, бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетеді.

«Головкин жеңеді, өйткені ол шабуылдап жүргенімен, қорғанысы мықты боксшылардың бірі. Сонымен қатар, Геннадий екі қолымен де ауыр соққы жасай алады», - дейді Холифилд YouTube-тегі Mayweather Boxing Channel арнасына.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы