361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан көшпенділер ойындарында алғашқы «алтынға» қол жеткізді

  • 273
Қазақстан көшпенділер ойындарында алғашқы «алтынға» қол жеткізді

3 қыркүйек күні ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ерлер және әйелдер арасында армрестлинг жарыстары өтті.

Қазақстандық спортшы Оксана Письменная (75 кг) финалға шықты. Онда венгриялық Бригитта Иванфиді жеңіп, Қазақстан қоржынына ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медалін салды. Армрестлингтен күш сынасқан өзге жерлестеріміз Вали Фараджов (75 кг), Антонина Лисянская ( +75 кг), Олег Сазонов (105 кг), Андрей Стипанчук (95 кг) және Димитрий Трубиндер (+105 кг) де финалға жолдама алған.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы