352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«BT Sport» Головкин мен Альварестің ең үздік нокауттарын топтастырды

  • 126
«BT Sport» Головкин мен Альварестің ең үздік нокауттарын топтастырды Youtube

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.

«BT Sport» телеарналар желісі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің ең таңдаулы 5 нокаутын тізіп шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Алғашқы кездесуде бір-бірімен тең түскен болатын. Алдағы жекпе-жекте отандасымыз чемпиондық атағының барлығын қорғайды. Сондай-ақ иесіз тұрған The Ring чемпиондық атағы мен WBC ұйымының арнайы белбеуі де жеңімпазға табысталады.

GGG мен «Канело» арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кешін Qazaqstan мен QazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кеткен жөн, былтыр «Obsessed» Генаның 25 үздік нокаутпен жеңіске жеткен сәтін топтастырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы