352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы әкімдігінің қызметкері Азия ойындарында қола медальға ие болды

  • 85
Алматы әкімдігінің қызметкері Азия ойындарында қола медальға ие болды Ақпараттық және спорттық ХАБ

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері Ризат Мақашев Джакарта мен Полембанг қалаларында өткен (Индонезия) XVIII жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан  қола медальға ие болды.

Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ-тың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ризат 3 жыл бойы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет атқарып келеді. Ол мемлекеттік қызметте жүріп, тәртіп пен уақытты талап ететін жаттығулардан қалмай, кешкі уақытта  өзінің Checkmat Kazakhstan клубында қара белбеу иесі жеке бапкері Бек Али Ержанның қол астында жаттықты.

Азия ойындарында үшінші орын үшін Ризат өзбекстандық Илхом Джуроевтан ұтылып жатып, жігерлік танытты. Осылайша, ол қарсыласынан басым түсіп, 94 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кеткен жөн, бұл Ризаттың алғашқы медалі емес. Ол 2014 жылы Абу-Дабида өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионаты мен өзгеде халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегері.

Ол осымен өзгелерге мемлекеттік қызметкер болып та көптеген жетістіктер мен алға қойған мақсаттарына жетуге де болатындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Хабар 24 телеарнасы