361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда қазақстандық футболшы қыздар ұлыбританиялықтармен матч өткізеді

  • 132

Павлодар қаласының орталық стадионында әйелдер футболы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы кездесу өтеді.

Бұл – 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі матч.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Ойын Павлодар қаласындағы орталық стадионда шамамен екі сағаттан соң басталады. Қазақстандық команда кәрі құрлықтың кіл мықтыларымен кездеседі. Ұлыбританиялық спортшы қыздар Ертіс өңіріне бірнеше күн бұрын келіп, жаттыққан болатын. Матчқа дайындалуға аймағымыздың суық ауа райы да кедергі  болмады. Халықаралық спорт аренасында мықтылардың қатарындағы команда 42 жыл бұрын құрылған. Бүгінгі күнге дейін төрт бірдей әлем чемпионатына қатысып, үш жыл бұрын өткен сол додада үшінші орынға ие болған.

Құрама сонымен қатар Еуропа чемпионатының екі финалында бақ сынаған. Ел намысын қорғайтын командада әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының қатысушылары, яғни қазақстандық футболшыларды да жаһан жұрты жақсы біледі.

Фил Невилл, Ұлыбритания құрама командасының бас жаттықтырушысы:

– Біз жақсы дайындықпен келдік. Алаңға негізгі емес құрамның 5 ойыншысы шығады. Олар өздерінің шеберліктерін паш етіп, мықты екендіктерін дәлелдейді. Біз бүгінде әлем чемпионатына дайындықты бастап кеттік.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Айта кетейік, ойынға кіру тегін болғандықтан, стадион жанкүйерлерге толы болады деп ойлаймын. Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылы сегізінші рет өтеді. Байрақты бәсеке маусым айында Францияда өтеді. Турнирдің финалында 24 құрама команда бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы