352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұхаммед Әлидің қызы Головкин-Канело жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді

  • 100
Мұхаммед Әлидің қызы Головкин-Канело жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді © thelastfight.com

Лейла Әли тек алғашқысынан қызықты жекпе-жек көруге үмітті екенін атап өтті.

Бокс аңызы Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Екеуінің де жанкүйерімін – Головкиннің де, «Канелоның» да. Екінші жекпе-жек болатынына қуаныштымын. Головкинге қарсы тігіс қою қиын, бірақ жеңілмейтіндер болмайды, кез келген жығылады. Мен тек алғашқысынан қызықты жекпе-жек көруге үміттімін», - дейді Лейла ESPN басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес алғаш рет 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасқан. Ол кезде кездесу тең аяқталып, жеңімпаз анықталмады.

«Канело» мен Головкиннің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта көрсетіледі). Тура бір жыл бұрын T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Ол кезде көптеген бокс жанкүйерлері мен шолушылар Головкин жеңіске жету керек болды деген ой айтқан.

Хабар 24 телеарнасы