359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сазайын бергім келеді». Головкин Альварес туралы

  • 118
«Сазайын бергім келеді». Головкин Альварес туралы © RingSide24

Жекпе-жек 15 қыркүйекке белгіленген.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) сазайын тартқызғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz, BoxingScene сайтына сілтеме жасап.

«Сазайын бергім келеді. Жұдырықтасып, өзі мен командасы істеген жамандықтары үшін жазалап, өз орнын көрсеткім келеді», - дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын.

Осыдан кейін тараптар 5 мамырда қарымта өткізу туралы келісімге келеді. Алайда ақпанда Альварес допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттеледі. Осыдан кейін боксшылар арасындағы қарым-қатынас күрт бұзылып, тараптардың қарымтаны 15 қыркүйекте өткізу туралы келіссөздері өте ауыр жүрді.

Хабар 24 телеарнасы