356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұхамедиұлы Азиададағы Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты

  • 301
Мұхамедиұлы Азиададағы Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты Казахстанская правда

Келесі Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джакартада өткен Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең төменгі нәтиже көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азиада-2018 нәтижесіне көңілі толмайтынын жасырмады. Бұл туралы ол министрлікте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Ашық айтқанда, біз үшін бұл суық су сепкендей болды, себебі біз өткен жылмен салыстырғанда алтын медальдар санын еселейміз деп жоспарладық. Мұнда ешқандай құпия жоқ. Бокс, байдаркамен есу және каноэ, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер құрамасына сендік. Өзіміз күткен нәтижені көре алмағанда шок болдық», - деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін жоспарлар мен біздің спорттағы әлсіз тұстарымызды атап өту үшін сөз сөйлеуге шыққан.

«ХОК орындаушы комитетінде осы күнге дейін біздің өкіліміз болған емес. Біз бұған назар аудармаппыз, басында отырғандар бағытты өзгертуге тырысады. Бұл біздің ағаттық біз Азия ойындарында тізімге қосуды сұрамадық», - деді ол.

Индонезияда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 76 медаль иеленіп, тоғызыншы орынға жайғасты. Біздің спортшылар велоспортта, жеңіл атлетикада, көркем гимнастика, самбо, джиу-джитсу, дзюдо, семсерлесу, карате және су полосы бойынша жақсы өнер көрсетті.

Келесі Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.

Азиада және басқада жарыс түрлерінен сыйақы төлеу 2014 жылы 19 желтоқсанда ҚР үкіметінің үкіміне сай реттеледі. Алтын медаль үшін – 10 мың АҚШ доллары, күміс – бес мың, ал қола – үш мың доллар.

Хабар 24 телеарнасы