363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Азиада жүлдегерлері марапатталды

  • 139

Алматыда ұлттық олимпиада комитеті XVIII Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Құрлық додасында жеңімпаз атанған спортшы 10 мың,күміс жүлдегер 5 мың, ал қола медаль иегері 3 мың АҚШ долларын иеленді. Дүбірлі додаға шәкірт дайындап апарған ұлттық құрама бапкерлеріне де ақшалай сыйақы тағайындалды. Индонезияда өткен ойындарда 15 алтын 17 күміс 44 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы бейресми командалық есепте 9-шы орыннан көрінген болатын. Төрешілер тарапынан қиянат көрген былғары қолғап шеберлерінің еңбегі ескерусіз қалмапты. Әбілхан Аманқұл мен Асланбек Шымбергеновке алтын медальдың сыйақысы табысталды. 

Әбілхан Аманқұл, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

- Ол жақта әр қазақ боксшылары жеңілген жоқ деп есептеймін өз ойым. Олар ең соңына дейін жігітше тұрып төбелесті әр қарсыласпен. Енді біраз кедергілер болды өздеріңіз білетін шығарсыздар. Алда Құдай қаласа жарыстар көп. Сол жарыстарда есемізді қайтарамыз деген ойдамыз.

Асланбек Шымбергенов, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

- Дайындығымыз өте жақсы болды командалық дайындығымыз да өте жақсы болды. Енді өзім алтын алам ба деп ойлап едім. Бірақ, күміс алып қалдым. Жеңілдім деп ойламаймын. Бірақ енді сондай жағдай болып қалды. Соған да шүкір.

Астанаға УЕФА бас хатшысы Теодор Теодорис келді. Құрлықтағы ала доптың жай-күйіне жауапты маман елордадағы футбол үйінің құрылысымен де танысты. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин құрметті мейманға көпфункциональді кешеннің қараша айында пайдалануға берілетінін айтты. Нысан УЕФА мен Қазақстанның бірлескен жобасы аясында салынып жатыр. Үш қабатты ғимараттың ішінде жабық футбол манежі де бар. Қазір бұл алаңда еліміздің жастар құрамасы жаттығып жатыр. Жасанды алаң көктемде ашылған болатын. Мұнда жыл он екі ай доп тебуге болады. Кешен ашылған соң мұнда Қазақстан футбол федерациясы мен кәсіпқой футбол лигасы көшіп келеді.

«Вуэльта» көпкүндігінің 11-кезеңі артта қалды. 207 шақырымға созылған сайыста «Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес тәуір нәтиже көрсетті. Күн сайын жалпы есептегі жағдайын жақсартып келе жатқан Колумбиялық велоспортшы мәре сызығын он жетінші болып кесті. Лопес кезең жеңімпазы Алессандро Де Маркиден 2 минут 2 секунд ұтылды. 11-кезеңнен кейін жалпы есепте британиялық Саймон Йетс топ бастады. Испаниялық Алехандро Вальверде небәрі бір секунд ұтылып, екінші орынға жайғасты. Үздік үштікте Колумбиялық Наиро Кинтана бар. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес көшбасшыдан 27 секунд қалып келеді.

Хабар 24 телеарнасы