359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Олимпиадалық үміт»: жас велоспортшылар өзара үздіктерді анықтайды

  • 58
«Олимпиадалық үміт»: жас велоспортшылар өзара үздіктерді анықтайды

Елімізде болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу нықтап қолға алына бастады.

Әсіресе велоспорттан Олимпиадалық даярлау орталығы дәстүрлі түрде бүлдіршіндер арасындағы жарыс өткізіп тұрады. Осы 15 қыркүйекте «Сарыарқа» велотрегінде 5-6 жастағы балалар арасында жарыс ұйымдастырылады. Оған жүзден аса қатысушы келеді деп күтіледі. Жалпы «Олимпиадалық үміт» атты жоба кәсіпқой спортқа балаларды баулуға бағытталған. Бұл тәжірибе шетелдерде кеңінен қолданылады. Ал елімізде 2016 жылдан бері осы орталық мамандарының бастамасымен қолға алынды.

Гүлдана Қанапиянова, Олимпиадалық даярлау орталығының баспасөз қызметкері:

- Аталмыш шара Олимпиадалық даярлау орталығымен бірігіп демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ «Олимпиадалық үміт» жарысына барлық балалар қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы