352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марадона мексикалық клубты жаттықтырады

  • 97
Марадона мексикалық клубты жаттықтырады Р-Спорт

Атақты футболшы Диего Марадона мексикалық «Дорадос» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады Prosports.kz

«Дорадос» командасы Мексиканың деңгейі жағынан екінші дивизионында бақ сынайды. Қазіргі таңда турнирлік кестеде 13-орында келеді.

Мамыр айынан бері Марадона Белорусьтің «Динамо» клубының Басқарма төрағасы лауазымын атқарған болатын. Ал соңғы рет Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Фуджайра» командасын жаттықтырған.

Хабар 24 телеарнасы