359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 40-тан астам отбасы дуатлонда бағын сынады

  • 98

Астанада дәстүрлі отбасылық дуатлоннан жарыс өтті.

Осыдан 3 жыл бұрын бастау алған жоба сәтті жалғасын тауып, қазір ауқымды бәсекеге айналған. Биылғы шараға 40-тан астам отбасы қатысты. Олар жүгіру және веложарыс бойынша сынға түсті. Кейін әкесі, анасы және баласының ортақ көрсеткіші бойынша жеңімпаздар анықталды. Ұйымдастырушылар: «бұл жарысты Астананың 20 жылдығына арнадық», – дейді. 

Азамат Имашев, Астана әкімдігі Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының директоры:

- «Дені сау отбасы – дені сау ұлт» демекші, бұл жоба барлық отбасы мүшелерін спортқа тартады. Бұл жарысқа кәдімгідей дайындалып келеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жарыс өте қызықты өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы