352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ольга Рыпакова – ІAAF құрлықаралық кубогінің күміс жүлдегері

  • 267
Ольга Рыпакова – ІAAF құрлықаралық кубогінің күміс жүлдегері

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кезекті жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Чехияның Острава қаласында ІAAF Құрлықаралық кубогі басталды. Әлемдік додаға жер жүзіндегі ең үздік деген жеңіл атлеттер қатысып, өз құрлықтарының намысын қорғауда. 

Қазақстанық Ольга Рыпакова мен Виктория Зябкина Азия және Океания аймағының құрамына енген болатын. 

Үш қарғып секіруден сынға түскен Ольга Рыпакова екінші орын иеленді. Ол 14.26 метрге секіріп, Азиададағы көрсеткішін қайталап отыр. 

Рыпакованың алдын ораған колумбиялық Катрин Ибаргуэннің көрсеткіші –  14.76 метр. Үшінші орынға Еуропа атынан жарыс жолына шыққан Параскеви Папахристу (Грекия) ие болды. Ол 14.22 метрге секірген.

Хабар 24 телеарнасы