361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шарипова мен Юлия Куценко жекпе-жегінің видеосы жарияланды

  • 128

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова мен ресейлік Юлия Куценко жекпе-жегінің видеосы пайда болды, – деп хабарлайды  Vesti.kz.

Айта кетейік, Шарипова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Отандасымыз Санкт-Петербургте өткен бокс кешінде ресейлік боксшы қыз Юлия Куценконы жеңді.

Фируза Шарипова мен Юлия Куценко Club A2 аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Шаршы алаңдағы шайқаста басымдығын байқатқан Фируза жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы