353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің футбол құрамасы Андорра жеріне табан тіреді

  • 226

 Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы Ұлттар лигасы турнирінің екінші матчына қатысу үшін Андорраға табан тіреді.

Естеріңізде болса футболшыларымыз бірінші ойында Грузия құрамасына есе жіберген еді. Жаңа ойын алдында еліміздің құрама капитаны Дмитрий Шомко мен жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан матч алдындағы дайындықтарын баяндап, жанкүйерлерге алғыстарын айтты.

Дмитрий Шомко, Қазақстан ұлттық футбол құрамасының капитаны:

- Грузия құрамасымен болған кездесу біз үшін сәтсіз аяқталды. Қателіктерімізді ескеріп, қазір қызу дайындық жүргізіп жатырмыз. Андоррамен өтетін ойында жеңіске жетуіміз керек. Жинақы ойнап, қарсыласымыздан басым түсуіміз қажет. 

Бауыржан Исламхан, Қазақстан Ұлттық қурамасының жартылай қорғаушысы:

- Тағы да қазір бес ойын бар, бес ойында біз жақсы нәтижеге жету үшін біз барлық ойынды ұту керекпіз, группадан бірінші орын алып шығу үшін. Астанада ойындағы жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқымыз келеді, осылай келіп, қаншама бізге қолдау көрсеткендеріне үлкен рақмет айтқымыз келеді. Бұл ойында ойлаймын, кім бірінші гол салды, сол жеңіске жетті деп, біз сала алмадық, олар бізге салып кеткесін, біз салуға ұмтылдық, бірақ екінші гол жібергесін, біз осындай нәтижеге жеттік. Бірақ біз Грузиямен ойынды ұмыту керекпіз. Балалардың барлығынын көңіл-күйі жақсы қазір. Осы ойында біз үш ұпайға қол жеткізүіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы