352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атақты боксшы В.Демьяненконың мерейтойында иығына шапан жабылды

  • 148

Атақты боксшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Виктор Демьяненко алпыс жасқа толды.

Былғары қолғап шеберінің құрметіне Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында салтанатты шара өтті.

Атақты боксшыны асқаралы алпысымен құттықтауға келгендердің қарасы қалың. Жасы да, жасамысы да осында. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері әлі тың. Мерейтойына «құтты болсынЛ айта келген жас буынға шеберлік көрсетіп, бокс атты спорттың қыр-сырымен бөлісті.

Виктор Демьяненко, бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері:

- Ардагерлер жиналамыз деген жоспар болып еді. Қазір мұнда менің қатарластарым ғана емес, үш буын өкілі бас қосып отыр. Ізімізді жалғаған мықты спортшылардың барына қуаныштымыз.

Ардагер боксшыны 60 жасымен құттықтап шетелден де бір топ мейман келген. Мәселен, бұл Виктор Демьяненконың жаттықтырушысы Александр Аникин. Мерейтой иесінің құрметіне арнайы фильм де әзірленген екен. Салтанатты шарада көрсетілімі болды.

Ермахан Ибраимов, бокстан Олимпиада чемпионы:

- 1980 жылы Мәскеуде өткен олимпиада ойындары есімде. Сол кезде шаршы алаңға Виктор Демьяненко мен Серік Қонақбаев шыққан еді. Осы кісілерге ұқсағым келді. Талпыныстың арқасында ағаларымыздың жарқын жолын жалғадық деп білемін. 

Атақты ардагер қазіргі былғары қолғап шеберлеріне көңілі толатынын айтады. Қазақ елі – бокстың державасы. «Сондықтан әркез осы биіктен көрінуіміз керек» дейді алпыстың асқаралы шыңына шыққан Виктор Демьяненко.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы