359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктер Ольга Рыпакованы құшақ жая қарсы алды

  • 165

Азиада ойындарының 4 дүркін чемпионы, халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының құрлықаралық кубогінің күміс жүлдегері Ольга Рыпакова дүбірлі сайыстан туған өлкесі Өскеменге оралды.

Спортшы қызды жерлестері ерекше құрмет-қошеметпен күтіп алды. Әуежай алды жеңімпазын асыға күткен адамдарға лық толды. Айта кету керек, Рыпакова Конституция күні мерекесінде Азиада ойындарында үздік шығып, елімізге кезекті жеңісін, алтын жүлдесін сыйға тартқан болатын. Жакартада Ольга бірінші мәрте қарғып секіргенде 14, ал екіншісінде 14,26 метрді бағындырды.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

- Мен үшін, бұл төртінші Азиада ойыны.Сондықтан енді  алғаш рет емес, Қазақстанның қоржынына тағы  бір  алтын  салғаным үшін ризамын.Ең басты  көздегенім  де осы болатын.

Валентина Алексеева, О.Рыпакованың анасы:

- Қызым жарыстарға тым жиі  қатысып  кетті, тіпті  босамайтын болды. Мен оның үйде болып, денсаулығына көңіл бөлгенін қалар едім, бірақ оның шешімдерін қолдаймын. Осылайша қашан да оны отбасымен бірге дастархан жайып, сүйікті тағамын дайындап қарсы аламын.

Хабар 24 телеарнасы