363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ішімдікке салындым – өлгім келді». Ильиннің ашық сұхбаты

  • 189

Спортшы өткен өмірі жайлы ақтарылды.

Sports True бағдарламасына берген сұхбатында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин шеттелген соң спортқа қалай қайтып келгені, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы және басқа да оқиғалар жайында айтып берді.

«Президент Қазақстан чемпионатындағы жеңісімді жайлы естіп, мен үшін қуанғанына сенімдімін. Оған қоңырау шалуға мүмкіндігім жоқ – жеңіске жеткен сайын қоңырау шалады. Оның маған қатынасы қарапайым. Біз жиі кездесеміз.

Менің рухани әкемдей. Соңғы рет ол қалымды сұраған. Бәрі жақсы деген едім. Дау-дамайдан кейін де маған қолдау білдірген. Ол үшін чемпион болып қалатынымды айтқан, мен үшін үлкен демеу болды», - деп атап өтті Ильин.

- Сен іштің бе?

- Көп іштім. Қасымда үнемі ішімдік болатын. Шөлмек түбінен жеңілдік таптым демеймін. Өмірге кедергі еді. Ішімдікке салынғаным ата-анама жайсыз тиді. Менен наградалар қайтарылатыны туралы жаңалық шыққанда... Өлгім келді. Қонақүйде үш күн жатып іштім. Былтыр жыл басында Израильге бардым, сол жерде өзіме келдім.

- Допинг туралы айтып берші.

- Допинг туралы мәселені топ-құпияларыма жатқызайын. Қазір бәрін айтып отырған жөнсіз деп есептеймін. Барлығын айта да алмаймын. Кейінірек бүге-шүгесіне дейін ашып айтармын. Үлкен спортта жасалған қуғынға менің кінәм жоқ. Мен тең дәрежеде ойнадым. Ешбір спортшы бетіме қарап, жеңіске арам жолмен жеттің деп айта алмайды.

- Допингпен болған жағдай қайталануы мүмкін бе? Одан қалай сақтануға болады?

- Мұны қарастырып жатырмыз. Токиодағы Олимпиадаға жете алмауым мүмкін. Бізге «жігіттер, бұрын ұсталғандар бармайсыңдар» деп айтуы мүмкін. Сол кезде мемлекет мені қолдайды деген үміттемін. Жалпы айтқанда жазамды өтегенмін. Токиоға келтірмесе, бұл ашық түрде құтылу.

Еске салайық, 10 маусымда Ильиннің 2008 және 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша екі жылдық шеттелуі аяқталған болатын. Допинг дауына байланысты ол Олимпиаданың екі алтынынан айырылды.

Қыркүйек басында Ильин спортқа қайтып оралды, спортшы 102 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатын жеңді.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы