356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рафаэль Надаль Дэвис кубогының жартылай финалына қатыспайды

  • 78
Рафаэль Надаль Дэвис кубогының жартылай финалына қатыспайды Eurosport

Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Дэвис кубогының жартылай финалдық ойындарына қатыспайды.

Франциямен болатын кездесуде Надальды Альберт Рамос алмастырады. Испания – Франция ойыны Лилл қаласында алдағы сенбі-жексенбі күндері өтеді.

 

 

Алматыда үстел тенисінен «Оңтүстік Астана» халықаралық турнирі басталды

Алматыда үстел тенисінен «Оңтүстік Астана» аталған халықаралық турнир басталды. 20-шы мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа елімізден бөлек Ресей мен Өзбекстаннан да теннисшілер келді. Бүгін қыздар арасында финалға жолдама алғандар анықталды. Алғашқы жартылай финалда Өзбекстандық Камила Халикова мен Мархабо Магдиева кездесіп, Камила 4:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші жартылай финалда жерлестеріміз Зәуреш Акашова мен Анастасия Лаврова шеберлік байқасты. Соңғы ел біріншілігінде Анастасия қарсылас шыдатпай, Қазақстан чемпионы атанса, Зәуреш қола медальды қанағат тұтқан еді. Бұл жолы Акашованың бағы жанды. Есеп: 4:3. Финал ертең өтеді.

 

«Вуэльта» көпкүндігі мәресіне таяды

Биылғы жылдың соңғы Гранд-турында шешуші екі кезең қалды. Кешегі 18-ші жарыс күні жалпы есепке ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Британиялық Саймон Йейтс топ бастады. Алехандро Вальверде мен Энрик Мас екінші және үшінші орындарға жайғасты. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес көшбасшыдан 1 минут 36 секунд ұтылып, төртінші орында тұр. Колумбиялық велоспортшы үшінші орыннан небәрі 14 секунд ғана қалып келеді. Кешегі 18-ші кезеңде бельгиялық Йелле Валлайс жеңіске жетті. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес 20-шы орынмен кезеңді аяқтады. Бүгін велоспортшылар 154 шақырымдық жарыс жолында кім мықтыны анықтайды.

Белсенді топ «Астана-Ақтоғай» велошеруін ұйымдастырды

«Елорда – ғұмырым, туған жер – тұғырым» деген ұранды ту еткен белсенді топ «Астана-Ақтоғай» велошеруін ұйымдастырды. Спорттық сапар Астанадағы «Қазақ елі» монументінен басталып, Теміртау, Қарағанды, Ақсу-Аюлы елді мекендерінде жалғасты. Игілікті іс-шараны ұйымдастырушы Ернат Қашқыновтың айтуынша, әуесқойлар жалпы 4 күнде 465 шақырымды еңсерген. Белсенді азаматтар велошеруді Астананың 20 және Ақтоғай ауданының 90 жылдық мерейтойларына арнады.

Ернат Қашқынов, әуесқой велошабандоз:

- Өзіміз сияқты қарапайым әуесқой тұрғындарға салуатты өмір салтын насихаттау, туған жерге деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында жолға шықтық. Алдын ала жоспарлап осы велошеруімізді 4 күнге жоспарладық, ондағы ойымыз күніне 100-130 шақырымды еңсеріп отыру.

Хабар 24 телеарнасы