352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GGG Promotions ұйымының атынан шыққан боксшы алғаш рет жеңілді

  • 98
GGG Promotions ұйымының атынан шыққан боксшы алғаш рет жеңілді prosports.kz

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев Лас-Вегас қаласында кәсіби бокстағы келесі жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір қызығы, GGG Promotions ұйымының атынан бокстасатын отандасымыздың қарсыласы Golden Boy проумоутерлік компаниясының өкілі мексикалық Пабло Сезар Кано болды.

Өкінішке орай, 5-раундта қарсыластың қабағы жарылып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Сөйтіп, 10 раундқа жоспарланған кездесу аяқталды да,  бейнеқайталауды жіті қараған спорт комиссиясы жеңісті бір ауыздан бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Пабло Сезар Каноға берді.

Бұл жеңіліс Руслан үшін кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болып тіркелді. Ол бұған дейін 12 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы