356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GGG – «Канело». Жекпе-жек төңірегіндегі атмосфера қызып келеді

  • 135
GGG – «Канело». Жекпе-жек төңірегіндегі атмосфера қызып келеді vesti.kz

16 қыркүйек күні таңертең қазақстандық уақыт бойынша Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі өтеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кешінің басты оқиғасы жексенбі сағат 08.00-08.30 аралығында басталады.

Шоудың бірінші жекпе-жегі Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекке қараған түні сағат 03.00-де басталады. PPV-трансляциялар алдындағы жекпе-жектер Facebook желісінде трансляцияланады.

Америкалық НВО-ның ақылы трансляциясы мен шетелдік телеарналардың Головкин - Альварес андеркартын көрсетуі Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңғы сағат 06.00-де басталады.

Айта кетейік, WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,393 келі) болды, ал Альварес - 159,4. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 91 грамм ауыр.

Сонымен қатар қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізді. Головкин мен Альварестің көз арбасу рәсімі жанжалға ұласты.

Головкин - Альварес екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, осыдан бір жыл бұрын олардың бірінші кездесуі осы жерде өтіп, екеуі тең түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы