352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GGG – Canelo. Жеңіске жеткені тарихта қалады – мамандар

  • 99
GGG – Canelo. Жеңіске жеткені тарихта қалады – мамандар Vesti.kz

Қазір жұрт назарында Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Альварес  арасындағы қарымта кездесу өтіп жатыр.

Мамандар жеңіске жеткені тарихта қалады деп жар салуда. Шынында орта салмақтағы серке атану екеуіне де сын. Білетіндер Геннадий Головкиннің шоқтығы биік екенін де айтып жатыр.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын екеуі күш сынасып, бірін бірі ала алмай тарқасқан болатын. Бұл жолғы жекпе-жекте кімнің ұтылатыны белгісіз, бірақ кімнің ұтқаны анық, ол осы бәсекені ұйымдастырушылар дегенді де құлақ естіді. Головкин кәсіпқой рингте 38 рет жеңіске жетті, соның 34-ін мерзімінен бұрын аяқтады. WBA Super, WBC и IBO алтын белдігі жолындағы сайыс жайын хабарлайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы