352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 4 мыңнан астам адам халықаралық марафонға қатысып жатыр

  • 62

4 мыңнан аса адам Астанадағы халықаралық марафонға қатысып жатыр.

Оның 320-сы Еуропа, Ресей, Жапония мен Оңтүстік Корея және Австралия сынды елдерден келген шетелдік атлеттер. Жалпы алғанда 20 елдің спортшыларынан өтінім келіп түскен. Олар 42 шақырым 200 метр және 10 шақырым қашықтықты еңсеруі тиіс. Ал жарыстың жүлде қоры 2500 доллар. Марафоннан тапқан табыс қайырымдылық мақсатқа жолданады. Сонымен алғашқы 10 шақырым қашықтықта кениялық спортшы Шадрак Кимутай топ жарды.

Шадрак Кимутай, 10 шақырымдық марафонның жеңімпазы (Кения):

Күн суық болды. Жел тұрды. Бірақ 7 шақырым жолды жүріп өткен соң жылына бастадық. Мен бұған дейін де Африкада 10 шақырым қашықтық марафондарға қатысқанмын. Бірақ бүгін мен осы жолды 28 минутта жүгіріп өттім. Бұл мен үшін рекордықтық көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы