352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сауль Алварес: Қажет пе, қайта шығамын!

  • 207

Сауль Алварес Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізуге дайын.

Yahoo Sports тілшісі Крис Манник өз Twitter-інде солай жазды. Ол Канелоның сөзін келтіреді.

«Егер қалың жұрт екеуміздің қайта жұдырықтасуымызды қаласа, ел тілегін орындауға дайынмын. Күмәнім жоқ. Біз оны жасаймыз» депті Сауль Алварес. Ал Геннадий Головкин бәсекеден кейін тілшілермен тілдесуге құлық танытпаған.

«Бұл - Альварестің 49-шы жеңісі» деп жарыса жазуда әлем басылымдары. Тіпті төреші протоколының көшірмесін ұсынғандар бар. Онда анық көрсетілген. Үш қазының бірі екеуінің өнерін тең бағалаған. 114–114. Қалғандары Канелоның қолын көтеруге тиіс екенін білдіріп, үкім шығарған. Есебі 115:113. WBC, WBA Super және IBO белдігін 36 жастағы отандасымыздан тартып алып, енді орта салмақтағы серкеге айналды.

Хабар 24 телеарнасы