352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогын жеңіліспен бастады

  • 115
Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогын жеңіліспен бастады 24СМИ

Қазақстан әйелдер құрамасының екінші командасы Таиландтағы Азия кубогының алғашқы матчында Иранды жеңе алмады.

Біздің волейболшылар 2:1 есбімен алда келе жатқан, алайда қарсылас тай-брейкке жеткізіп, жеңіске жетті – 25:23, 17:25, 25:19, 23:25, 6:15.

Енді турнирдің топтық кезеңі аясында Қазақстанның екінші құрамасы Австралиямен кездеседі.

Айта кетейік, волейболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Жапонияда жиын өткізіп жатыр. Команда 30 қыркүйекте әлем чемпионатына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы