352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ибрагимович өз мансабында бес жүзінші голын соқты

  • 145
Ибрагимович өз мансабында бес жүзінші голын соқты Футбик

«Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Златан Ибрагимович МЛС тұрақты чемпионаты аясында «Торонтоға» (3:5) қарсы матчта мансабындағы бес жүзінші голын соқты.

Осылайша, 36 жастағы форвард өзі соққан доптардың 483-ін клуб сапында салса, 62-сі – құрамада.

Ибрагимович қазір ойнап жүрген ойыншылар арасында осындай жетістікке жеткен үшінші футболшы саналады. Бұған дейін Криштиану Роналду (573) мен Лионель Месси (556) осындай нәтиже тіркеген еді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы