352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан ел чемпионаты: Көшбасшылар ұпай жоғалтты

  • 122
Футболдан ел чемпионаты: Көшбасшылар ұпай жоғалтты prosports.kz

Қазақстан чемпионатының 26-туры сенсациясыз өтпеді.

Ел біріншілігінің қос көшбасшысы да бұл турда ұпай жоғалтты. «Астана» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдаған. Келесі аптада еурокубокта ойнайтын елордалықтар өзінің бірнеше жетекші ойыншысын қосалқы құрамда қалдырды. «Астана Аренада» өткен матчта жанкүйерлер гол көре алмады – 0:0.

Алматыда жергілікті «Қайрат» пен оралдық «Ақжайық» кездескен. «Қайрат» жанкүйерлерінің өкінішіне қарай, алаң иелері күтпеген жерден жеңіліп қалды. Матчтың 76-минутында Еркебұлан Нұрғалиев гол соғып, «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады. 0:1 – оралдық клуб Алматыдан үш ұпай олжалап қайтты.

Осылайша, 58 ұпай еншіліген «Астана» екінші орындағы «Қайраттан» төрт ұпайға озып кетті. Ал «Қайсар» мен «Ақжайықтың» ұпайлары теңесті – 29. Командалар жетінші және сегізінші орындарда келеді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы