«Астананың» құрамынан Сербия футболшысы кетті
«Астананың» сербиялық қорғаушысы Урош Радакович командадан кетті.
Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.
Футболшының жарты жылға жасалған келісім-шарт мерзімі аяқталған. Ол прагалық «Спартаға» оралады.
Айта кетейік, бұған дейін «Астанадан» Беларусь футболшысы Иван Маевский кеткен еді.