Жеңілмеген қазақ спортшысы Хабибтің промоушенімен келісімшарт жасады

Жеңілмеген қазақ спортшысы Хабибтің промоушенімен келісімшарт жасады
фото: vesti.kz

Оның бұл ұйым аясындағы бірінші кездесуі ақпанда өтеді.

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Руслан Сариев (12-0) Eagle Fighting Championship ұйымымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бұл промоушеннің қожайыны жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Сариев EFC ұйымымен төрт кездесуге келісімшарт жасапты.

Айта кетейік, Сариев өзінің келесі кездесуін 22 ақпан күні Мәскеуде өткізеді. Оның қарсыласы Мансур Малачиев (8-0) болады. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақта EFC ұйымының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Еске салайық, бұған дейін EFC лигасымен Жасұлан Әкімжан (5-2) деген отандасымыз келісімшарт жасады.