ATP 250: Қазақстан теннисшілерінің қарсыластары анықталды
Теннистен Анталияның ашық біріншілігінде жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребеге сәйкес, қазақстандық спортшылардың кортқа шығу кестесі мына ретпен түзілді. Ел үкілеп, үміт артып отырған Александр Бублик 7 қаңтарда италиялық Сальваторе Карузомен кездеседі. Ал жұптық сында ол серігі Андрей Голубевпен бірге Давид Гоффен және Пьер-Юг Эрберге қарсы ойнайды. Сондай-ақ жерлесіміз Андрей Голубев 5 қаңтарда жекелей сында Словак спортшысы Алекс Молчанмен шеберлік байқасады. Ал Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен өнер көрсетеді.
Айта кетейік, 5 қаңтарда шымылдығы түрілген байрақты бәсеке 13 қаңтарға дейін жалғасады.