Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды

Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
фото: vesti.kz

CIES Football Observatory өзінің ресми сайтында әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімде «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Рэшфорд көш бастады, оның трансферлік құны 165,6 миллион еуроға бағаланды. Екінші орынды «Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Эрлинг Холанд (152 миллион еуро) иеленсе, үшінші орын «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александр-Арнольдке (151, 6 миллион еуро) бұйырды. Сонымен қатар рейтингтің бұған дейінгі көшбасшысы атанған Килиан Мбаппе бесінші орынға түсіп қалды.

Футбол әлеміндегі үздік ойыншылардың бұл тізімдегі позициясы айтарлықтай төмендеді. «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси 97-орында болса, Криштиану Роналду («Ювентус») мен Неймар («Пари Сен-Жермен») үздік 100 футболшының да қатарына енбеді.

Әлемдегі ең қымбат 10 футболшының тізімі төмендегідей:

  1. Маркус Рэшфорд («Манчестер Юнайтед») – 165,6 миллион еуро;
  2. Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд») – 152 миллион еуро;
  3. Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль») – 151,6 миллион еуро;
  4. Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед») – 151,1 миллион еуро;
  5. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен») – 149,4 миллион еуро;
  6. Джейдон Санчо («Боруссия Дортмунд») – 148,3 миллион еуро;
  7. Жоао Фелиш («Атлетико») – 141,5 миллион еуро;
  8. Альфонсо Дэвис («Бавария») – 139,2 миллион еуро;
  9. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити») – 136,9 миллион еуро;
  10. Кай Хаверц («Челси») – 136 миллион еуро.