Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің үшінші кезеңіне шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA турнирінде үшінші кезеңге өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Екінші айналымда Рыбакина қытайлық Сиюй Ванмен кездескен болатын.
1 сағат 34 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын 2:0 (6:4,6:4) есебімен ұтты.
Келесі айналымда Елена Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинаға қарсы кортқа шығады. Кездесу 10 қаңтарға жоспарланған. Сондай-ақ ертең тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева американдық Софья Кенинмен кездеседі.