Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при турнирі өтетін болды

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при кезеңі өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Жарыс 19-21 ақпан аралығында Ирина Винер-Усманова атындағы гимнастика сарайында өтеді. 

Сондай-ақ халықаралық федерация 25-28 ақпан аралығында Германияда өтеді деп жоспарланған көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс коронавирус індетіне байланысты екенін айта кеткен жөн. 

Мәскеудегі Гран-при турниріне қатысуды Қазақстан командасы да жоспарлап отыр.