Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов жарыстардан шеттетілді

Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілді.

Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтында хабарлады.

Рахимов 2016 жылы несеп анализін ауыстырды деп айыпталуда.

Дәл осындай айыппен 2017 жылғы Еуропа чемпионы Думитру Каптари да шеттетілді.

Рахимов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 77 келі салмақта топ жарды. Ал 2015 жылы ол әлем чемпионы атанған.